16
сентябрь
2021
Мектеп директорының шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

Мен, Сатанова Акмарал Муханбетияровна Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ленин колхозында 1971 жылы 28 сәуірде дүниеге келдім. 1978 жылы №205 қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1986 жылы 8-сыныптан кейін Қызылода қаласындағы М.Мәметова атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, 1990 жылы бастауыш мұғалімі және тәрбиеші мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 1990 жылы тамыз айында Телікөл ауылындағы №214 орта мектебіне бастауыш мұғалімі болып орналастым.1991 жылы наурыз айында тұрмыс құрып, жолдасым Сағындықов Сейілхан екеуміз Қызылорда қаласына көшуімізге байланысты 1991 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы №52 «Құлыншақ» балабақшасына тәрбиеші болып орналасып, 1999 жылдың маусым айына дейін осы балабақшада жұмыс жасадым. 2009 жылдың ақпан айы мен мамыр айы аралығында Бестам ауылында санақ жүргізу жұмыстарына қатыстым.2009 жылдың қыркүйек айынан бастап, №205 қазақ орта мектебінде мектеп директорының шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне орналасып, қазіргі таңда осы мектепте қызмет атқарып келемін. Жолдасым Сағындықов Сейілхан. 3ұл, 1қыз тәрбиелеп өсірдік.